қазақша · русский · english
   
20.11.2017

Практикалық тілдер кафедрасының оқытушысы,п.ғ.к. М.С.Алибаева 18.11.2017 жылы «Қазақ тілі - кәсіби маман тілі» атты студенттердің кезекті №72 университетаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырып өткізді.

Конференцияға 16 ғылыми баяндама тіркелген. 

Қазақ секциясының конференциясы ( төрайым: п.ғ.к., доцентМ.Жүнісова; хатшы, п.ғ.к., аға оқытушы М.С.Алибаева).
Қазақ секциясының төрайымы бұл конференцияның ерекшелігі - Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орнының - 90-жылдығына арналып өткізілетіндігін атап өтті.Конференцияға қатысқан өзге ұлт өкілдері өз мамандықтарымен байланыстырып алған ғылыми тақырыптарын қазақ тілінде мақал-мәтелдерді, фразеологиялық сөз тіркестерін мағынасына қарай орнымен пайдаланып, ғылыми жаңалығын жұмыстарында көрсете білді.
Қазылар алқасы конференцияда оқылған барлық баяндамаларды тыңдады. Қазылар алқасының төрайымы, конференция қорытындысы бойынша қорғалған баяндамалардың жоғары ғылыми дәрежесін атап өтіп, жеңіске жеткендер мен жүлделі орынға ие болғандарды жариялады. Ең үздік қорғаған баяндамаларды қазылар алқасының төрайымы п.ғ.к., доцент М. Жүнісова ерекше атап өтіп, университет ректорының І,ІІ, ІІІ дәрежелі мақтау қағаздарымен марапаттады. Конференцияға қатысып, белсенділік танытып, ғылымның табалдырығын аттаған студенттерге сыйлыққа кітап берілді.
Конференцияда жүлделі орындарды иеленген студенттердің тізімі:

I орынға
1. Көптілді меңгерген маманның сөз әдебі.
Кучумидзе Екатерина, 1-курс, «Химия».
Ғылыми жетекшісі: Алибаева М.С. - п.ғ.к., аға оқытушы.
2.Жеті ата-түрлі тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуды зерттеу, дамту әдісі.
Серикова Рамина, 1-курс, «Биология».
Ғылыми жетекшісі: Алибаева М.С. - п.ғ.к., аға оқытушы.
3.Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің мағыналық құрылымы.
Мәліқұлова Балжан, 1-курс.
Ғылыми жетекшісі: Ақпембетова А.

II орынға
1.Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер әлемін дамыту.
Раджабова Диана, 1-курс, «Ғылыми география».
Ғылыми жетекшісі: Алибаева М.С. - п.ғ.к., аға оқытушы.
2.Электромагниттік толқындар.
Тұрсынбай Феруза ,1-курс, «физика».
Ғылыми жетекшісі: Нұрғали С.- п. доцент.
3. Инклюзивті білім беру жүйесі.
Бақберген Аружан, 1-курс. «Дефектология»
Ғылыми жетекшісі: Нұрғали С.- п.ғ.к.,доцент.
4. Үш тұғырлы тіл саясатының негізі - мемлекеттік тіл.
Бердібекова Гүлайым, 1-курс, «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы».
Ғылыми жетекшіс: Шаһарман Г. П. - ф.ғ.к., доцент
5.Педагог маманның коммуникативтік құзіреттілігі
Абдулла Назугум, 1-курс. «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі».
Ғылыми жетекшіс: Шаһарман Г. П. - ф.ғ.к., доцент

III орынға
1. Көп тілді білу -көп елді тану.
Файзуллаева Ш, 1-курс, «Шет тілі: екі шет тілі».
Ғылыми жетекшісі: Шолтай С.. - магистр, аға оқытушы
2.Қазақ және орыс есімдері: ортақ есімдері мен ерекшеліктері.
Суманшиева Солмаз, 1-курс, «Орыс тілі мен әдебиеті».
Ғылыми жетекшісі: Османова З.Ж. - ф.ғ.к., аға оқытушы.
3.Адам есімдерінің қойылуындағы этимологиялық ерекшеліктер.
Илиева Сумбат, 1-курс, «Орыс тілі мен әдебиеті».
Ғылыми жетекшісі: Османова З.Ж. - ф.ғ.к., аға оқытушы.
Қазақ тіліндегі қате қолданыстағы сөздер.
4. Сембекова Айдана , 1-курс, «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы ».
Ғылыми жетекшісі: Османова З.Ж. - ф.ғ.к., аға оқытушы.
5. Түмен шығармаларындағы елжандылық.
Көпжүрсінова Еңлік, 1-курс, «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы ».
Ғылыми жетекшісі: Османова З.Ж. - ф.ғ.к., аға оқытушы.
6. М.Мақатаев өлеңдеріне композициялық талдау.
Мергенбаева Арайлым, 1-курс, «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы».
Ғылыми жетекшісі: Османова З.Ж. - ф.ғ.к., аға оқытушы.

  

 

 




Кері оралу