қазақша · русский · english
   
21.11.2017

Рымкеш Жумадилованың шығармашылық кеші


2017 жылдың қараша айының 19 күні Филология және көптілді білім беру институтының практикалық тілдер кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., проф. Шаханова Р.Ә., оқытушылар мен студенттер ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Байсеітова атындағы Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, опера және концерт әншісі 65 жас және 35 жыл шығармашылығына арналған Рымкеш Алжанқызы Жумадилованың «Әнім мені алысқа жетелейді» жеке концертін тамашалады.
Концертке Н.Тлендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлық этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, дәстүрлі әншілер Т.Құрманғалиева, А.Исатаева, А.Күзеубаев, Э. Қарабалина қатысты.
Концерттен кейін п.ғ.д, проф. Р.А. Шаханова университет студенттеріне Рымкеш Жумадиловамен кездесу ұйымдастырды.

 

 




Кері оралу