қазақша · русский · english
   
30.11.2017

«Заманауи жағдайдағы филология мен педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға кафедра мүшелерінің қатысуы

 

2017 жылдың 29 қараша күні Сулеймен Демирель Университетінде профессор  салыстырмалы типологиялық және жалпы тіл білімі саласындағы ҚР-ның жетекші ғалымдардың бірі Зауреш Ахметжанованың 70 жылдығына  арналған  «Заманауи жағдайдағы филология мен педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Кафедрадан проффесор Бакитгуль Сакеновна Жумагулова, доценттер Алмагуль Дильдиновна Маймакова, Зауре Асетовна  Умирзакова қатысты.

2017 жылдың 30 қараша күні  проф. Зауреш Ахметжанова  Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайында«Оқу үдерісіндегі материалдық, ритуалдық салттық және коммуникативті мәдениеттің символикасы», «Қазақ мәдениетінің гастикасы»атты сынып-шеберін өткізді.

Зауреш Ахметжанова 1991 жылдан 2002 жылға дейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде салыстырмалы грамматика және аударма кафедрасының меңгерушісі, қазақ филология факультетінің деканы болып қызмет жасаған.

Зауреш Ахметжанова бірнеше жылдары «АГУ-дің Хабаршысы» «Филологиялық ғылымдар» Сериясы, филология гылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу ушін диссертация қорғайтын ДР 14.05.04 диссертациялық кеңестің төрайымы, мүшесі болған.

Оның жетекшілігімен салыстырмалы грамматика және аударма кафедрасында 2 докторлық және 20 кандидаттық диссертациялар қорғалынған. 

 

  

 

  

 




Кері оралу