қазақша · русский · english
   
22.02.2018

Практикалық тілдер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қарудан ату жарысына қатысты

 

2018 жылдың 20 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Спартак» спорт стадионында Университеттің 90-жылдық мерейтойына, сонымен қатар Әскери кафедраның 20 жылдығын арналған қарудан ату жарысы өткізілді.

 

Қарудан ату спорты - нысанаға атыс және пневматикалық қарудан ату арқылы жүргізілетін спорт түрі. Оқ атыс және стендтік атыс Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кіреді және олимпиадалық ойындардың ең көне түрлерінің бірі. Басқа спорт түрлеріне қарағанда, қарудан ату спорты ең қиын бәсекені бастан кешеді, себебі атқыш өз-өзімен жекпе-жекке шығады.

 

Бұл жарыс университет қызметкерлерін жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортқа тарту; денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын оқытушыларды баулудың маңызды құралы ретінде спортты насихаттау, сондай-ақ оқытушылардың дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында өткізілді . Қарудан ату спортымен айналысу спортшының бойында шыдамдылық, байқампаздық, көз өлшемінің дәлділігі және жеңіске деген құштарлық сынды қасиеттерді дамытады. Рекордқа жету үшін атуды жасаудың айла-амалдарын ғана емес, сонымен қатар эмоцияға ие болу шеберлігі де қажет болады.

 

Біздің қафедрамыздың атынан қарудан ату жарысына: Сауле Есімбек және Гүлмира Амангелдиева, сондай-ақ филология және көптілді білім беру институты кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жарысқа қатысқан профессор-оқытушылар құрамына алғысымызды білдіре отырып, барлық 75 ұпай жинаған кафедрамыздың оқытушысы Гүлмира Амангелдиеваны ерекше атап өткіміз келеді.

 

Жарысқа қатысушыларға жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

 

  

 

  

 

 




Кері оралу