қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.08.2019

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде профессор-зерттеушінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі - Абай атындағы ҚазҰПУ) 3 жылға дейінгі мерзімге оқытушылық және ғылыми қызметті жүргізу үшін толық штаттық бірлікке профессор - зерттеуші бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмысқа орналасу шарттары: жүктеменің 75% немесе одан да көбі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, 25% дейін жүктеме оқытушылық жұмысқа бөлінеді.

 

Іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары:

- психологиялық-педагогикалық ғылымдар;

- әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

- жаратылыстану ғылымдары;

- ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар.

 

«Профессор-зерттеуші» лауазымына ғылыми мектептермен айналысуға, ғылыми мектептердің қалыптасуына, жаңа ғылыми бағыттардың ұйымдастырылуына және дамуына ықпал ететін танымал қазақстандық және шетелдік ғалымдар қабылданады.Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- ғылым докторы/кандидат немесе PhD ғылыми дәрежесінің, профессор немесе қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының болуы;

- соңғы 5 жылда Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1 және 2 квартиліне кіретін немесе Scopus деректер базасында CiteScore процентиль көрсеткіші бойынша 50-ден кем емес бір немесе бірнеше ғылыми сала бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдардың болуы;

- Хирш (Hi) индексінің болуы;

- ағылшын тілін меңгеруі; мүмкіндігінше  ағылшын тілінде оқыта білуі қажет.

 

Конкурсқа қажетті құжаттар: конкурсқа қатысуға өтінім, түйіндеме, ғылыми-зерттеу жобасына өтінім, үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттама портфолиосы (дәйексөздер базасынан алынған скриншоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.).

 

Конкурстық өтінімдер 2019 жылдың 1 қазанына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Ғылым департаментіне қабылданады. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30,

каб. № 203-а, 201. Жауапты тұлға: ғылым департаментінің директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы. Тел: 291-65-29.

 

«Профессор-зерттеуші» лауазымы туралы Ережемен Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында танысуға болады. 

 

«Профессор-зерттеуші» қызметін атқару туралы Ереже