
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
26.02.2026
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту әдістемесі Lesson Study тұрғысында талданды 2026 жылғы 26 ақпанда Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында PhD, аға оқытушы Еркебаева Сауле Жомартовнаның «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын дамыту теориясы мен әдістемесі» тақырыбындағы (Lesson Study арқылы зерттеу форматында) ашық семинар сабағы өткізіліп, сабаққа қатысқан профессор-оқытушылар құрамы тарапынан кәсіби талдау жасалды. Ашық семинар сабаққа п.ғ.д., профессор Бекмағанбетова Р.К., Таубаева Г.З., п.ғ.магистр Азимбаева Д.К., философия (PhD), аға оқытушы Шауенова М.А. қатысты.Сабақ барысында тақырыптың теориялық өзектілігі мен әдістемелік құрылымы Lesson Study тәсілімен ұштастырылып, білім алушылардың зерттеушілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі ұсынылды. Цифрлық ресурстар, интерактивті әдістер, кейс-талдау және топтық жұмыс арқылы білім алушылардың белсенділігі күшейтіліп, мақсатқа сай бағалау және кері байланыс тетіктері қолданылды.п.ғ.д., профессор Бекмағанбетова Р.К. ашық семинардың ғылыми-әдіснамалық деңгейіне оң баға беріп, сабақта сөздік қорды дамытуға қатысты ұғымдардың жүйелі берілгенін, тапсырмалардың құзыреттілікке бағытталғанын және Lesson Study форматы арқылы оқытудың дәлелді талдау мәдениеті қалыптасатынын атап өтті. Сонымен қатар профессор сабақта мақсат–нәтиже–бағалау байланысының сақталғанын және студенттердің әдістемелік пайымын тереңдетуге мүмкіндік жасалғанын көрсетті.Сабақтың құрылымын тәжірибеге бағытталған тиімді модель ретінде бағалап, қолданылған интерактивті тәсілдердің (диалогтік оқыту, ситуациялық тапсырмалар, топтық талқылау) білім алушылардың кәсіби ойлауын дамытуға ықпал еткенін айтты. Ол Lesson Study форматының болашақ педагогтерге сабақты зерттеу, дерекке сүйеніп қорытынды шығару және әдістемені түзету дағдыларын берудегі маңызын ерекше атап өтті деп Таубаева Г.З. тұжырымдады .Семинарда қолданылған цифрлық платформалар мен көрнекі құралдардың оқу материалының түсініктілігін арттырғанын, бағалау парағы арқылы әділ әрі айқын бағалау ұйымдастырылғанын көрсетті. Сондай-ақ ол студенттердің қатысу белсенділігі жоғары болғанын, жаңа ұғымдарды сөйлеу тәжірибесімен байланыстыра алғанын және тапсырмалардың деңгейлеп берілуі оқу нәтижесіне оң әсер еткенін Азимбаева Д.К. айтты.Сабақтағы педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін, кері байланыстың уақтылы берілуін және сабақ кезеңдерінің бірізділігін атап өтті. Шауенова М.А философия (PhD), аға оқытушы Lesson Study логикасының сабаққа кіріктірілуі білім алушылардың рефлексия жасау, дәлелдеу және әдістемелік шешім ұсыну қабілеттерін дамытатынын айтып, болашақта осындай зерттеушілік форматтағы сабақтарды жүйелі түрде көбейту жөнінде ұсыныс білдірді.Қорытындылай отырып ашық семинар сабақ қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, Lesson Study арқылы зерттеу форматында ұйымдастырылған әдістемелік сабақтардың білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және педагогикалық тәжірибені ғылыми негізде жетілдіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|