қазақша · русский · english
 
 
 
23.12.2025

«Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы:  тәжірибесі және стратегиялық перспективалары»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ OPEN SPACE

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2025 жылдың 23 желтоқсанында Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы:  тәжірибесі және стратегиялық перспективалары» атты халықаралық open space өтті.Open space негізгі мақсаты - әлеуметтік педагогтерді даярлау жүйесіндегі теориялық-әдіснамалық эволюцияны, заманауи ғылыми парадигмаларды және инновациялық педагогикалық тәжірибелерді халықаралық деңгейде талқылау арқылы білім беру бағдарламаларын жетілдірудің стратегиялық бағыттарын айқындау, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық қызметтің болашақ мамандарын кәсіби құзыреттілікке даярлаудың тиімді үлгілерін қалыптастыру.Халықаралық Open Space жұмысын университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Мұқатайқызы Нарбекова ашып, өз сөзінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын оқыды. Құттықтау сөзде әлеуметтік педагог мамандығының қоғамдағы рөлі мен балаларды қорғау жүйесіндегі маңызына ерекше назар аударылды. Іс-шара модераторы - Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева Open Space бағдарламасының мазмұнына шолу жасап, ғылыми талдау мен практикалық тәжірибені ұштастыратын кәсіби алаңдардың өзектілігін атап өтті.Open Space жұмысына Дүниежүзілік банк пен UNICEF Қазақстан өкілдері, Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығы, Психологиялық қолдау орталығының директоры Венера Коканова, Балаларды қорғау орталығының директоры Зафар Аппазов, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар, мектептің әлеуметтік педагогтері, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.Пленарлық отырыста әлеуметтік педагогика саласындағы өзекті мәселелер қарастырылды. Дүниежүзілік банк өкілі Алмира Закиева Қазақстандағы мектептегі буллингтің оқушылардың оқу жетістіктеріне әсері жөнінде баяндаса, UNICEF Қазақстан өкілі Азамат Жаманчинов балаларды қорғау жүйесінің өзіндік бағалау нәтижелерін таныстырды. Гонконг Білім беру университетінің профессоры Song Yanjie AI дәуіріндегі инновациялық педагогикалық тәжірибелерге тоқталды, ал қауымдастырылған профессор Yuen Chi Pun Kevin тыңдап түсінуінде қиындықтары бар кіші жастағы оқушыларды анықтаудың заманауи әдістерін ұсынды.

Отандық ғалым профессор Роза Бекмагамбетова «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының қалыптасуы мен даму эволюциясын баяндады. Профессор Марзия Асылбекова жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелерін көтерсе, профессор Мейрамгүл Булакбаева Қазақстан мен АҚШ-та әлеуметтік педагогтерді даярлау жүйесінің салыстырмалы талдауын ұсынды. «Өркен» институтының өкілі Аманғали Мұхтаров «DOSBOLLIKE» бағдарламасы аясында оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту тәжірибесімен бөлісті.Іс-шара аясында түлектер шеруі, университет кітапханасы ұйымдастырған «Әлеуметтік педагогика: дәстүрден инновацияға» атты кітап көрмесі, сондай-ақ «Мейірім» және «Лидер» студенттік клубтарының әлеуметтік бағыттағы жобаларының көрмесі өтті.Бағдарлама тәжірибеге негізделген фокус-сессиялармен (шеберлік сыныптармен) және «Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттерін дамытудағы инновациялар мен тиімді тәжірибелер» атты мектеп әлеуметтік педагогтерінің байқауымен жалғасын тапты. Қатысушылар нақты кейстерді талқылап, практикалық ұсыныстарын ортаға салды.Халықаралық Open Space әлеуметтік педагогтерді даярлау жүйесін жаңғыртуға, білім беру бағдарламаларын халықаралық үрдістермен үйлестіруге және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ғылыми-тәжірибелік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды кәсіби алаң ретінде қорытындыланды. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

 

  alt=  


  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  






 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу