
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.10.2025
«Табиғат бұрышы және балабақша аймағы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің негізі» тақырыбында ашық сабақ 29.10.2025 ж. күні 8D01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Әлібек Жауқасын «Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі» пәнінен «Табиғат бұрышы және балабақша аймағы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің негізі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Пән оқытушылары:
П.ғ.д., профессор Манкеш Ақсәуле Ерженбайқызы
PhD., аға оқытушы Жакупова Алтынай Жұмабекқызы
Сабақтың мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру үдерісінде табиғат бұрышы мен балабақша аймағын тиімді пайдалану арқылы студенттердің экологиялық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен педагогикалық шарттары туралы ғылыми-әдістемелік білімін тереңдету, болашақ тәрбиешілердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты қорғау іс-әрекеттерін ұйымдастыруға кәсіби даярлығын жетілдіру.
Сабаққа 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты. Сабақ барысында студенттер топқа бөлініп, үй тапсырмасына берілген табиғат бұрышының макетін жасап келіп, оны талдау және қорғау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес экологиялық мазмұндағы танымдық ойындарға белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, экологиялық көзқарастарын және кәсіби коммуникативтік дағдыларын көрсетті.
Сабақ барысында студенттер табиғат бұрышы мен балабақша аймағын экологиялық тәрбиенің тиімді ортасы ретінде қарастырып, оның балалардың танымдық белсенділігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы рөлін тәжірибелік тұрғыдан талдады. Сабақтың қорытындысында студенттер экологиялық тәрбие берудің заманауи тәсілдерін талқылап, табиғат бұрышын ұйымдастыру мен балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
Ашық сабаққа педагогика ғылымдарының докторы, профессор Манкеш Ақсәуле Ерженбайқызы қатысты. Профессор сабақтың ұйымдастырылу деңгейіне, тақырыптың өзектілігі мен мазмұндық құрылымына жақсы баға берді. Сонымен қатар, студенттердің белсенділігі, топтық жұмыс барысындағы шығармашылық ізденістері және кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі атап өтілді. Сабақ соңында профессор студенттерге әдістемелік тұрғыдан нақты ұсыныстар беріп, экологиялық тәрбие беруде табиғат бұрышы мен балабақша аймағын жүйелі пайдалану қажеттігін баса айтты.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|