қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2025

Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін «Күзгі бал-2025» ұйымдастырылды


2025 жылдың 30 қазанында «Мейірім» клубының идеологиялық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г.К.Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру», «6В01801 - Әлеуметтік педагогика» (IP), «6В0109-«Психология» (IP), «6В01301 - Бастауыш білім беру» (IP) мамандығында оқитын 1-2-3 курстың студенттері  Алматы қаласының «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Күзгі бал-2025» дәстүрлі мерекелік іс-шарасына атсалысты.
Іс - шараның негізгі мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігі туралы тарихи естелікті сақтау және кешегі және болашақ ұрпақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ету.
Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің ардагерлері, қоғамдық қордың өкілдері мен студент жастар қатысты. Іс-шара аясында еріктілер ардагерлермен әңгімелесуге, оларға көмектесуге және Ұлы Жеңіс үшін алғыс айтуға мүмкіндік алды.

                                                                                                                               «Мейірім» еріктілер клубы

 

  alt=  

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу