
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы / Жаңалықтар
29.10.2025
«Ұлттық рухың биік болса...» танымдық дәріс 2025 жылғы 29 қазанында Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасына қарасты «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Ұлттық рухың биік болса...» тақырыбында ардагер-ұстаз, тіл жанашыры Рыскен Рахымқызы Әбішова танымдық дәріс оқыды. Дәрісте әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы - елін-жерін сүйетін, өз салт-дәстүрін құрметтейтін, тілі мен дінін қастерлейтін, ұлттық құндылықтарды меңгерген, рухы биік тұлға тәрбиелеу екендігі, олардың бойында өз тіліне, өз дініне, халқына, туған еліне деген мақтаныш сезімдерін оқу-тәрбие үрдісінде дамыту болашақ ұстаздардың алдында тұрған басты міндет екені атап өтілді.
Танымдық дәріске Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Абайтанушы», Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шойынбет Жабал Алшынбекұлы, «Абай университеті» баспасының бас редакторы, ақын, әдебиет сыншысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иесі, Қазақстанның Құрметті Журналисі Болат Шарахымбай, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен дәріс қонақтары қатысты. Шара соңында ардагер-ұстаз Р.Р.Әбішованың «Бақытымның бастауы..» кітабының тұсауы кесілді. Дәріске қатысқан студенттер белсенділік танытып, ұлттық рух, ұлттық құндылық, ұлттық тәрбие, рухани-адамгершілік құндылықтарға қатысты сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алынды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|