қазақша · русский · english
 
 
 
18.09.2025

Докторантурадағы алғашқы қадам: ғылыми-әдіснамалық бағдарлар мен мүмкіндіктер ғылыми әдіснамалық семинар

 

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының докторанттарына арналған «Докторантурадағы алғашқы қадам: ғылыми-әдіснамалық бағдарлар мен мүмкіндіктер» атты ғылыми-әдіснамалық семинар өткізілді.


Іс-шараның мақсаты - докторанттарға университеттің ғылыми-әдіснамалық талаптары мен мүмкіндіктерін таныстыру, олардың ғылыми ізденісін жүйелеуге бағыт беру және PhD бағдарламасын табысты орындауға қолдау көрсету.


Семинардың негізгі спикері кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Қыяқбаева болды. Ол өз сөзінде докторанттардың ғылыми жолдағы алғашқы қадамдарының маңызын атап өтіп, оқу бағдарламасының құрылымы мен академиялық талаптарына тоқталды.


Ғылыми-зерттеу жұмысы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау басқармасының бастығы Гүлзада Баймбетова университет әзірлеген PhD докторларды даярлау жол картасын ұсынды. Ол докторанттардың ғылыми-зерттеу кезеңдерін орындау тәртібі, халықаралық жарияланымдарға қойылатын талаптар және диссертациялық жұмыстардың сапасына қатысты негізгі міндеттерді нақтылап өтті.


Семинар барысында диссертациялық кеңес төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Бекмагамбетова диссертация қорғау рәсімдерінің ерекшеліктерін түсіндіріп, дайындық барысына қатысты пайдалы кеңестер берді.


Кафедрадағы докторанттардың эдвайзері, PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Асем Булшекбаева қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, күнтізбелік жоспар құру, ғылыми мақалалар жариялау және жетекшілермен тиімді ынтымақтастық орнату жолдарына қатысты практикалық ұсыныстарын ортаға салды.


Сонымен қатар ғылыми семинарға докторанттардың ғылыми кеңесшілері де қатысып, зерттеу тақырыптарының өзектілігі мен ғылыми нәтижелердің сапасын арттыруға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.


Семинар соңында докторанттардың табысты ғылыми жолға түсуі үшін ғылыми-әдіснамалық сауаттылық, академиялық талаптарды сақтау және университет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалану аса маңызды екендігі атап өтілді.


Бұл шара жас зерттеушілердің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыруға, ізденістерін жүйелеуге және PhD бағдарламасының сапалы жүзеге асуына серпін берді.

 

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  




Кері оралу