қазақша · русский · english
 
 
 
03.09.2025

Докторанттардың ғылыми-зерттеу практикасы басталды


2025 жылдың қыркүйек айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттарының ғылыми-зерттеу практикасы басталады.

 

Практикаға дайындық аясында 2025 жылдың 29 тамызында университет базасында ұйымдастыру жиналысы өткізілді. Кездесу барысында ғылыми-зерттеу практикасының мақсат-міндеттері таныстырылып, оның өткізілу тәртібі мен мазмұнына түсініктеме жасалды. Докторанттарға әдістемелік нұсқаулар мен ұйымдастырушылық кеңестер берілді.

 

Ғылыми-зерттеу практикасының мақсаты - докторанттардың зерттеу жүргізу дағдыларын дамыту, диссертациялық тақырып бойынша терең ғылыми ізденіс жасау, ғылыми жобалар мен практикалық зерттеулерге қатысу арқылы кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

 

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу