қазақша · русский · english
 
 
 
02.09.2025

«Жасыл балабақша»: мектепке дейінгі ұйымда экологиялық мәдениетті тұлға қалыптастыру ортасы


28-29 тамызда Абай атындағы ҚазҰПУ, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Жакупова Алтынай Жұмабекқызы №186 (Алматы қ.) жәнеи«Ұлан» (Алматы обл.) бөбекжай-балабақшаларының 2025-2026 оқу жылының Педагогикалық кеңесіне қатысты.

 

Педагогикалық кеңесте «Жасыл балабақша»: мектепке дейінгі ұйымда экологиялық мәдениетті тұлға қалыптастыру ортасы» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Баяндаманың мақсаты - балалар бойында қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау дағдыларын қалыптастыруда экологиялық білім берудің маңыздылығы мен ерекшелігін жеткізу.

 

«Ұлан» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна «Жасыл әлем» жобасының жұмыс нәтижесімен таныстырды. Балалардың табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауы, туған жер экологиясына жанашырлығының негізі екенін атап өтті.

 

№186 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Имамбекова Айгуль Сембековна және әдіскер Күншайм Съезбекқызы заманауи білім берудің басты міндеттерінің бірі - экологиялық мәдениетті тұлға қалыптастыру екендігіне назар аудартты. Балабақшаның 2025-2026 оқу жылына арналған Даму перспективасына «Жасыл балабақша» жобасын іске асыру жоспарланды.

 

(Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыратын «Жас ғалым» жобасы ЖТН АР25795211 «Жасыл балабақша» тұжырымдамасы: мектепке дейінгі ұйымдарға интеграцияланған экологиялық білім беруді ендіру)

 

  alt=  


  alt=  


alt=" width="320" height="240" />  

 





Кері оралу