қазақша · русский · english
 
 
 
25.08.2025

«Адал ұрпақ тәрбиесі: мектепке дейінгі білімнен кәсіби маманға дейін»

 

2025 жылғы 22 тамызда Алматы қаласы Алатау ауданының Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы базасында «Білім берудің болашағы: Адал азамат - Кәсіби маман» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың 270 педагогіне арналған жыл сайынғы тамыз конференциясы өтті. Конференция екі бөлімнен тұрды: түске дейін 160-тан астам әдіскерлер, тәрбиешілер, қазақ тілі мұғалімдері, арнайы педагогтар, психологтар, дене шынықтыру нұсқаушылары, музыка жетекшілері қатысты, ал түстен кейін пленарлық отырыс өтті.


Пленарлық отырысқа ББЖ орынбасары, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бөлімінің басшысы және Абай атындағы ҚазҰПУ  мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары, ардагер мұғалімдер, 250 мемлекеттік және жеке балабақшаның басшылары қатысты.


Конференцияның ұйымдастырушылары - Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бөлімі мен Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығы болды.


Инновациялық педагогикалық тәсілдер мен технологияларды әзірлеу және енгізу арқылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында МДҰ қазақ тілі педагогтері мен тәрбиешілерге арналған секция жұмысында Абай атындағы ҚазҰПУ- нің Педагогика және психология факультетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедарысының оқытушылары PhD, аға оқытушысы Еркебаева С.Ж., магистр аған оқытушысы Утеева Қ.Ж., магистр Ауезова А.А өз шебер сағаттарын өте жоғары деңгейде көрсеттіп және секция отырысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.


Пленарлық отырыста Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедарысының оқытушылары PhD профессор м.а Абитова Г.Т., PhD, аға оқытушысы Еркебаева С.Ж қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі өзекті тақырыпта ғылыми бағыттағы баяндама жасады.


Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру саласына көп жылдық үлес қосқан 20-дан астам еңбек ардагерлері мен педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің алғыс хаттарымен, Білім басқармасының құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.


2025-2026 оқу жылына арналған мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын нақтылай отырып, отырыс резолюция қабылдаумен аяқталды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу