Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
08.05.2025
Абай университетінің докторанттары халықаралық конгреске қатысты 2025 жылдың 6 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанттары - Дариға Азимбаева, Разия Каримова, Гүлмира Момбиева, Саулет Тукебаева, Феруза Абдримова, Жанна Асанханова және Юлдуз Иминова - ғылыми тағылымдама аясында Түркия Республикасының Анкара қаласында орналасқан Хадж Байрам Вели университетінде өткен «Әлеуметтік ғылымдар бойынша 7-ші халықаралық ғылыми-зерттеу конгресі» (7th International Congress of Social Sciences Research) атты халықаралық ғылыми конгреске қатысты.
Докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, шетелдік ғалымдармен пікір алмасу және кәсіби тәжірибе жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Конгреске қатысу ғылыми тағылымдаманың мазмұнын байытып, докторанттардың зерттеу әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|