қазақша · русский · english
 
 
 
06.05.2025

Абай университетінің профессорлары Ферғана мемлекеттік университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты


2025 жылғы 29 сәуірде Абай университетінің Педагогика және психология факультетінің профессорлары Өзбекстандағы Ферғана мемлекеттік университетінің Педагогика-психология және өнертану факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің өзекті мәселелері: мәселелер, шешімдер, даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 

Конференция барысында п.ғ.д., профессор Роза Бекмагамбетова «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдері», п.ғ.д., профессор Асыл Аренова «Қазақстан білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер мен педагогтерге арналған сын-қатерлер», PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Галия Абилбакиева «Мектепалды топ балаларын жасанды интеллект негізінде мектепке даярлау», сондай-ақ 3-курс докторанты Болат Аубакир «Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру бағдарламаларының даму парадигмасы» тақырыптарында баяндамалар жасады.

 

Аталған конференцияда Қырғызстанның М. Тайыров атындағы Қызыл-Қия гуманитарлық-педагогикалық институты, Ресейдің Орал мемлекеттік педагогикалық университеті және Өзбекстанның Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары өздерінің ғылыми көзқарастары мен тәжірибелерімен бөлісті.

 

  alt=  


  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу