Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | ![]()
05.05.2025
Мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді 2025 жылғы 29 сәуірде Педагогика және психология факультеті мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы мен Есік гуманитарлық- экономикалық колледжінің бірлесуімен "Университет пен колледж: бірлескен мүмкіндіктер әлемі" атты семинар-практикум ұйымдастырылды. Шараның мақсаты-колледж бен университет арасындағы серіктестікті нығайту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасызету, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беру. Кездесу барысында түлектерге мамандықты дұрыс таңдау бойынша кеңестер мен ұсыныстар беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи үрдістер егжей-тегжейлі талқыланып, талапкерлерді қабылдау ережелері туралы ақпарат берілді.
Кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева "Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының жетістіктері мен даму бағыттары» тақырыбында сөз сөйлесе, Педагогика және психология факультеті директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD., Алтынай Жакупова «Абай университетімен әлемдік тәжірибеге сай тұлғалық даму» атты тақырыпта, кафедра оқытушысы п.ғ.м., Айжан Ауезова «Әлемдік тәжірибеге негізделген Таным және Робо DIY» әдістемесі тақырыбында шебер сынып көрсетті. Кәсіби бағдар барысында студенттер өз сұрақтарына толық жауап алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|