қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2025

Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік практиктерімен фасилитациялық сессия

 

2025 жылдың 6 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасында қауымдастырылған профессор, PhD докторы Гүлбану Абитова 1 курс (IP) (6B01204) «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығының білім алушылары үшін «Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының әлеуметтік серіктестігінің инновациялық тәсілдері» тақырыбында үздік мектепке дейінгі ұйым практиктері қатысқан фасилитациялық сессия форматында дәріс өткізді.


Сессияның негізгі идеясы - мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара әрекеттесуіндегі заманауи мәселелер мен сын-тегеуріндерді талдау, әлеуметтік серіктестіктің инновациялық тәсілдерін қарастыру, ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін өзекті шешімдерді іздеу.


Фасилитациялық сессия жұмысына Алматы қаласының мектепке дейінгі ресурстық орталығының жетекшісі Наталья Карасева мен әдіскер Ләйлә Раимова, мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Бекмағамбетова, сондай-ақ 6B01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушылары белсенді қатысты.


Кездесу барысында қатысушылар мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара әрекеттесуінің негізгі тәсілдерін талқылады, әлеуметтік серіктестіктің заманауи трендтері (онлайн-платформалар, интерактивті форматтар, геймификация және т.б.) қарастырылды. №1 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Қымбат Қарабалаева, №42 бөбекжай-бақшасының әдіскері Айгүл Идрисова және №137 бөбекжай-бақшасының әдіскері Жазира Сұлтанова әлеуметтік серіктестіктің табысты тәжірибесіне негізделген практикалық кейстерді ұсынды және мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.


Фасилитациялық сессия мектепке дейінгі білім беру саласындағы теоретиктер мен практиктердің шығармашылық диалогына айналды. Қатысушылар мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы серіктестіктің заманауи моделін құруда инновациялық технологиялардың маңыздылығын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу