
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы   |   Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы  / Жаңалықтар 
24.02.2023 
Ашық есік күні педагог мамандығымен таныстырды 
 2023 жылғы 23 ақпанда «Мейірім» клубының жарнамалық-насихаттаушылық бағыты бойынша қауымдастырылған профессор Г.К. Ширинбаеваның жетекшілігімен «6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының ерікті-студенттері университеттің «Ашық есік күні» кәсіптік бағдар беру іс-шарасында талапкерлерді болашақ педагогикалық мамандықты таңдау кезінде ақпараттық қолдау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды. 
 Іс-шараның ақпараттық алаңдарында мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі У.Қ. Қияқбаева, сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылар құрамы А.К. Айтпаева, Г.Т. Абылбақиева, М.А. Шауенова болашақ талапкерлерге бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді. Ерікті-студенттер талапкерлерге «Мейірім» клубын таныстырды, оқу және студенттік өмір кезеңінде оларға еріктілер жұмысы не үйреткенін, сондай-ақ университеттің оқу қызметінен тыс барлық бағыттары бойынша білім алушының әлеуметтік-педагогикалық, кәсіби және шығармашылық дағдыларын дамытуға қалай көмектескенін айтты. 
 
 
 
 
 «Мейірім» еріктілер клубы Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |