
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы   |   Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы  / Жаңалықтар 
21.02.2020 
Әлеуметтену факторлары 
 2020 жылдың 20 ақпанында Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі тәрбие және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Мейрамгүл Сұраншиева кестеге сәйкес «5B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенттеріне «Әлеуметтену факторлары» тақырыбында ашық семинар өткізді. 
 Семинардың мақсаты - әлеуметтену факторларының қоршаған қоғамдағы тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсерін талдау. Әлеуметтену агенттерін қарастыру. Әлеуметтену кезеңдерінің мәні мен мазмұнын ашу. 
 Осы семинар барысында тұлғаның қалыптасуына әсер ететін әлеуметтенудің негізгі факторлары талданды. Семинар тақырыбын ашу үшін әлеуметтенудің қоғамдағы жеке тұлғаның дамуына әсерін көрсететін подкаст қолданылды. 
 Топтық жұмыста студенттер әлеуметтену факторларын ашатын шығармашылық тапсырмаларды орындады, адам өмірінен мысалдар келтірілді. Десоциализация мәселесін шешу үшін «Фишбоун» әдісі қолданылды. «SWOD» әдісі негізінде семинардың тақырыбы «Әлеуметтену факторлары» талданды. Ашық сабақты бекіту посткастинг көрсету арқылы аяқталды. 
 Сабақ барысында студенттер топта жұмыс істеді, шығармашылық қабілеттерін көрсетті және қолданылған интерактивті әдістер арқылы конвергентті ойлауды қалыптастырды. 
 Мейрамгүл Сұраншиева өзін жоғары мектептің барлық талаптарына сай, құзыретті, ұтқыр маман ретінде танытты. 
 
 
 
 Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |