қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.02.2022

Ұрпақтар сабақтастығы - Abai University тренді

 

2022 жылғы 9 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми кеңесінде Бас ғалым хатшы лауазымына Жазира Битибаева тағайындалды. Отырыс аясында университеттің екі қызметкері, 60 жылдық мерейтой иелері - Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов пен Кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимов «Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды, сондай-ақ алдыңғы Ғылыми хатшы Жанар Сейсенбаеваға Алғыс хат табысталды.

 

Ұрпақтар сабақтастығын ұштастырған іс-шарада атап өтілгендей, біздің университеттің еңбек ардагерлері Қазақстанның жас ұрпағының ғылымына, біліміне және тәрбиесіне көп жылдық жемісті үлесі және елеулі табыстары үшін осы марапаттарға ие болды. Олардың кәсіби шеберлігі мен ел педагогикасына сіңірген жоғары қызметі Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен жас мамандарына үлгі.