қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.02.2017

СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Дүниежүзілік Универсиаданы-2017 қолдау мақсатында университет қабырғасында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясатын дамыту басқармасы, Сауықтыру және дене мәдениеті кафедрасы, Қызметкерлер Кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен қаңтардың 11-14 күндері аралығында  Волейбол, Шахмат, Үстел тенисі, Кіші футзал спорт ойындары бойынша «Денсаулық-2017» Спартакиадасы өткізілді. Спартакиадаға 8 команда 160 спортшы қатысты.

Спартакиада нәтижесі бойынша қоржындарына қомақты ұпай жинаған командаларды жеңістерімен марапатау үшін 10 ақпан күні университет ректорының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Университет ректоры, академик С.Ж. Пірәлиев  спорттық шараға қатысқан командаларға алғыс білдіріп,  жеңімпаздарды мақтау қағаздары және ақшалай сыйақымен марапаттады.

Жалпыкомандалық есепте ІІІ-орынға Өнер, мәдениет және спорт институты, ІІ-орынға Математика, физика және информатика институты ие болса, І-орын жүлдегерлері  - «Ректорат» құрама командасы атанды.  Жеңімпаз командаға «Денсаулық-2017» спартакиадасының ауыспалы кубогы табысталды. Спорттық ойындар бойынша институт командалары төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

 

Волейбол ойындары бойынша:

IІІ-ші орын  - Ректорат командасы

IІ-ші орын - Өнер, мәдениет және спорт институты

I-ші орын - Жаратылыстану және география институты

 

Үстел теннисі ойындары бойынша:

IІІ-ші орын - Физика, математика және информатика институты

IІ-ші орын - Ректорат командасы

I-ші орын - Өнер, мәдениет және спорт институты

 

Шахмат ойындары бойынша:

IІІ-ші орын - Сорбонна-Қазақстан институты

IІ-ші орын - Ректорат командасы

I-ші орын - Физика, математика және информатика институты

 

Футзалдан ойындары бойынша:

IІІ-ші орын - Сорбонна-Қазақстан  институты

IІ-ші орын  - Ректорат командасы

I-ші орын - Өнер, мәдениет және спорт институты

 

 

 

 

Ал, Спартакиада барысында жоғары белсенділігімен ерекшеленген  төмендегі институт командалары университет ректорының алғыс хатымен марапатталды:

1.     Жаратылыстану және география  институты

2.     Сорбонна-Қазақстан институты

3.      Филология және көптілді білім беру  институты

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқармасы