қазақша · русский · english
 
 
 
18.12.2015

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры
Бидайбеков Есен Ықыласұлы «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.


Аса құрметті Есен Ықыласұлы!
Сізді «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен құттықтаймыз!!!
Сізге зор денсаулық, сарқылмайтын жігер, таусылмас бақыт, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
Кафедра ұжымы мен оқушыларыңыз әрдайым сізбен бірге!



 




Кері оралу