қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2019

ACQUIN аккредитациялық агенттігінің сарапшысымен кездесу

 

5 наурызда Математика, физика және информатика институтының директоры, профессор Мұрат Бекпатшаев ACQUIN аккредитациялық агенттігінің сарапшысы, Лейпциг (Германия) университетінің докторы Махаббат Кенжегалиевамен кездесті. ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтының Эразмус + КА 107 бағдарламасы бойынша оқу және ғылыми жобалар аясында шетелдік әріптестермен тәжірибесі бар екендігі аталып өтті.

 

Кездесуге қатысушылар білім беру және ғылыми алмасулар, ғылыми іс-шараларға қатысу және болашақта «Физика мұғалімдерін оқыту» (ағылшын тілінде) білім беру бағдарламасына модульдерді бірлесіп әзірлеуді қоса алғанда, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Әңгімелесуге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерипидин Хамраев, физика кафедрасының меңгерушісі Владимир Косов қатысты.

 

   

 

  




Кері оралу