қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2014

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», - деген жоқ па?! Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді.
Осылайша тәуелсіздігімізді енді ғана алған сындарлы сәтте Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен жігерлендіруі жүректеріне сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ғана қолынан келетін іс екені белгілі.
Бізде осы жолдаудың жүзеге асуына өз кезегінде үлесімізді қосқымыз келеді.Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оларға сапалы білім беріп, еліміздің дамыған 50-елдің санатына қосылуына ықпал жасауымыз керек.Білімді жастар -ертеңгі біздің болашағымыз!
Осыған орай дәстүрлі түрде жыл сайын жоғары оқу орындары студенттері арасында пәндік олимпиадалар ұйымдастырылады. Оның мақсаты жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озатын бәйгеде балалар бақ сынасып, меңгерген білімімен біліктілігін көрсетеді. Өздерінің алған білімдерін іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік алады. Озық ой, жүйрік қиял, ұтымды тәсілді дер кезінде пайдалана білу, тығырықтан шығар жол іздеу тек білімді студенттің қолынан келері анық. Қазақстанның педагог маман дайындайтын жиырмаға жуық жоғары оқу орындарының студенттерінің арасынан суырылып алға шыққан біздің студенттеріміз осының дәлелі іспеттес.Бір сөзбен айтқанда «білімді мыңды жығады»,-деп дана халқымыз бекер айтпағанын тағыда бір көрсетті.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011100-Информатика мамандығы бойынша 2014 жылдың сәуір айының 10-11 күндері Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде VI Республикалық олимпиада өтті. Біздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 5В011100-Информатика мамандығының 1,2,3 курс студенттері осы олимпиададан жүлделі орындарды жеңіп алды.Атап айтқанда 3-курс ИОР-111 тобының студенті Баелова Хадиша Берікқызы жеке біріншілікте 2-орынды иеленді. Ал командалық тур бойынша 1-курс ИОК-131 тобының студенті Бекболатова Ұлдай Асанханқызының білімімен ұшқыр ойлау қабілетінің нәтежесінде біздің команда 3-ші жүлделі орынды жеңіп алды.
Осы студенттерге сапалы білім беруде кафедра ұжымының ұстаздарымен осы кафедраға басшылық жасап отырған ф-м.ғ.д., профессор Абдумаулен Сүлейменұлы Бердышевтің сіңірген ерен еңбегін атап өткен жөн. Студенттерге қажетті көмек көрсетіп, қамқорлық танытып, оларға бағыт-бағдар беріп, сапалы білім алуларына жағдай жасап келеді. Ол кісінің басшылық жасауымен компьютер кластары компьютерлермен интерактивті тақталармен жаңартылды.Сабаққа қажетті оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдардыңда мазмұны қайта қарастырылып, толықтырулармен өзгерістер енгізілді.
Сөз соңында кафедра ұжымымен студенттерімізді мерейлі жеңістерімен құттықтап, оларға зор табыстар тілегім келеді. Тек алдыңғы орындардан көріне берулеріне тілектеспін.

Информатика және ақпараттық
технологиялар кафедрасының
аға оқытушысы А.Н.Сарсенбаева

 




Кері оралу