қазақша · русский · english
 
 
 
18.10.2025

6В01501 - Математика, 6В01502 - Математика-физика, 6В01504 - Физика БББ оқитын 3 курс студенттері педагогикалық практикадан сәтті өтті

 

«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі А.Е.Әбілқасымова 2025-2026 оқу жылы 6В01501 – Математика, 6В01502 – Математика-физика, 6В01503 – Математика-информатика және 6В01504– Физика мамандықтары бойынша 3 курс студенттері Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы – Ректордың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 08-05-16/10 бұйрығына сәйкес 02.09-27.09.2025ж. аралығында академиялық кестеге және оқу жоспарына сәйкес педагогикалық практикадан өтуі және болашақ мұғалім мамандығын дайындаудағы кәсіптік практиканың өзектілігі туралы баяндама жасады.

Педагогикалық практика жоғары педагогикалық оқу орнының тұтас педагогикалық үдерістен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз ететіні айтылды.

Мансап орталығының ұсынған Алматы қаласының 82 жалпы білім беретін мектептерінен 3 курс студенттері 29 мектепті таңдап, сол білім беру мекемелерінде 306 студент педагогикалық практикадан өтті.


  alt=  

  alt=  

 

 




Кері оралу