қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2025

Lesson Study және Action Research: білім сапасын арттыру тәжірибесі


Жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісіндегі нақты проблемаларды анықтап, оларды заман талабына сай өзгерістер енгізу арқылы шешуге мүмкіндік беретін Абай атындағы ҚазҰПУ-інде үстіміздегі жылы құрылған «Педагогикалық инновациялар және Action Research орталығы» басшысы профессор, Юнеско кафедрасының меңгерушісі- А.Е. Берікханова, жетекші маман п.ғ.м., тренер, коуч- Г.Х. Сарсенбаева, қызметкері Зәуре Ержановна өз жұмысын сәтті бастап кетті.


2025 жылдың қазан айының 6 күні проф. А.Е. Берікханова басшылығымен, жетекші маман п.ғ.м., тренер, коуч Г.Х. Сарсенбаева, орталық қызметкері Зәуре Ержановна, ФМИ факультетінің менторлары - п.ғ.к., ҚР еңбек сіңірген қызметкері Б.А.Қадырбаева, п.ғ.к., қауымдастырылған проф. м.а. М.Т. Искакова, PhD Н.Ш. Әкімжан ұйымдастыруымен педагогика мамандықтарының 4 курс студенттерімен «Практикаға бағытталған зерттеулер негізінде білім сапасын арттыру: Lesson Study және Action Research тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбында білім беру психологиясы саласының халықаралық сарапшысы Dr. Clea Fernandez ханымның ғылымға Жапон елінен бастап жолдама алған бүкіләлемдік қолданыстағы тәжірибесі баяндалған математика, физика және информатика факультетінде алғашқы университетішілік халықаралық деңгейдегі проблемаларды талқыға салған семинар тұсауын кесті. Семинарды проф. А.Е. Берікханова «Lesson Study және Action Research оқу үдерісінде» тақырыбындағы баяндамасымен ашып берсе, менторлар п.ғ.к., ҚР еңбек сіңірген қызметкері Б.А.Қадырбаева, п.ғ.к., қауымдастырылған проф. м.а. М.Т. Искакова орталықтың атқаратын қызметтері мен студенттердің зерттеу жұмыстарына бағытталған сұрақтарын талдап, түсіндіру шараларына атсалысты.


Студенттер белсене қатысқан семинардан кейін Dr. Clea Fernandez ФМИ факультетінде білімге құштар студенттермен толып отырған кітапхана жұмысымен танысып, Қазақстандағы әріптестері «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының меңгерушісі проф. А.С.Бердышев бастаған ұжым мүшелерімен кездесіп, Франциядағы тәжірибесімен алмасып, ғылыми-әдістемелік кеңесті.

 


 

  alt=  


  alt=  

  alt=  




Кері оралу