қазақша · русский · english
 
 
 
24.05.2017

Білімді ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі Е.В.Зубареваның (Ресей) жұмыс сапары


      Абай атынағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының шақыртуы бойынша 2017 жылдың 22 мамырында жұмыс бабымен Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Есептеуіш математика мен кибернетика факультетінің доценті, И.А. Бунин атындағы Елецк мемлекеттік университетінің Ашық ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Зубарева Елена Васильевна келді.
     Сапар аясында Зубарева Елена Васильевнаның дәрістері оқылып, кафедрада семинарлары өтті, сондай-ақ докторант Салгожа Индира Тойшыбекқызының зерттеу тақырыбы бойынша кеңес өткізді.
   Ресми сапар кезінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен И.А. Бунин атындағы Елецк мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Шартта білім беру, студенттермен алмасу, ғылыми зерттеулер салалары қарастырылған.

 

 

 




Кері оралу