қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылдың  2-4 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІІ Халықаралық конкурсы өтті.  

Конкурсқа республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми жарыстарының жеңімпаздары қатысты. Олардың ішінде «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі профессор Е.Ы. Бидайбеков пен аға оқытушы Б.Ғ.Бостановтың жетекшілігімен жасалған ғылыми жобалар, яғни  Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары математика пәні бойынша Тұрсынғали Сұңқар және Толеков Бекзат та бар. Олар «әл-Фарабидің геометриялық салу есептеріне және тригонометриясына байланысты» тақырыптарда ғылыми жұмыстар жазып, бірінші және екінші орындарды иеленді. Енді бұл оқушылар зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіріп,халықаралық конкурсқа қатысты.

Халықаралық конкурсқа барлығы 172 оқушы Қазақстан, Қырғыз Республикасы мен Тәжікістан Республикасынан қатысты.  

Конкурс нәтижесі бойынша яғни  Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Тұрсынғали Сұңқар, Толеков Бекзат, Аңдамасова Сандуғаш І-дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды. 

 




Кері оралу