қазақша · русский · english
 
 
 
19.04.2022

«Талапкер-2022» Ашық есік күні


2022 жылдың 15 сәуірінде Абай университеті Математика, физика және информатика институты виртуалды байланыс арқылы болашақ талапкерлерге есігін айқара ашты - «Талапкер-2022» Ашық есік күнін өткізді.​


Іс-шараны МФжИИ директорының міндетін атқарушы Шерипидин Хамраев ашты.​ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Мұхашев модератор болып, талапкерлерді, мұғалімдер мен мектеп директорларын біздің институттың оқытушыларымен таныстырды, олар университетке түсу үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынды, қабылдау комиссиясының талаптары туралы айтып, біздің білім беру бағдарламаларымызбен таныстырды.​


Сонымен қатар, математика және математикалық модельдеу кафедрасының оқытушысы Әділ Наурызбай оқуға түсу үшін жоспарланған балдар, оқу жоспарлары мен академиялық жүктемелер туралы хабарлады.​ Математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, физика және информатика кафедрасының магистранты Шойынбаева Гульнара және информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының магистранты Уразгалиева Шолпан мамандарды дайындау бағыттары бойынша мазмұнды презентациялар мен білім беру бағдарламаларын ұсынды.​ Физика кафедрасының оқытушысы Эльвира Джакигельдинова түлектердің қабілеттерін ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігінде кәсіби өзін-өзі анықтаудың мақсаты мен дамуына дұрыс бағыт берді. Сондай-ақ, біздің университетте Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарына қарағанда оқудың артықшылығы атап өтілді, Абай атындағы ҚазҰПУ мен математика, физика және информатика институтының даму перспективалары туралы айтылды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу