қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

Белгілі ресейлік ғалым Абай атындағы ҚазҰПУ-де дәрістер курсын оқыды


Абай атындағы ҚазҰПУ-де Ғылым онкүндігі аясында 2022 жылдың 2-11 сәуір аралығында докторанттар мен магистранттарға, математика, физика және информатика институты информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының ПОҚ-на белгілі ресейлік ғалым және педагог, МҚПУ профессоры (Мәскеу, Ресей), академик В.В. Гриншкун лекциялар курсын өткізіп, ғылыми кеңес берді.


Университет ректоры Д.Біләлов шетелдік әріптесін жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық және оның біздің оқушыларымыздың ғылыми кеңесшісі ретіндегі табысты жұмысы үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен ынтымақтастық жалғасып, серіктестігіміз жемісті болсын!

 

   

 

   

 




Кері оралу