қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2022

Педагогикалық STEM-паркке экскурсия


Ғылым онкүндігі аясында 2022 жылдың 7 сәуірінде Математика, физика және информатика институты информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы студенттерге арналған «Педагогикалық STEM-паркке экскурсия» ұйымдастырды. Эдвайзерлер топтағы студенттермен бірге роботтар әлемін, 3D принтер қызметін, BilimLab-ресуртар орталығының мүмкіндіктерін тамашалады.


Жоғары оқу орындары арасында мұндай парк университетімізде бар екенін және ол Математика, физика және информатика институтында орналасқанын, сонымен қатар бұл паркте студенттерге арналған робототехникаға байланысты қосымша оқыту курстардың бар екені туралы студенттеріміз қосымша мәліметтер алды.

 

Экскурсия жетекшілері: 3D принтер мүмкіндіктері туралы мәлімет беруші - Педагогикалық Stem-парк директоры м.а. Сейдуәлі Қасымхан, Робот әлеміне саяхатты жүргізуші - оқытушы Наурызбаев Дарманбек, BilimLab - цифрлық ресурстар орталығымен таныстырушы - аға оқытушы Шармуханбет.

 

Заманауи ғылыми білім мен технологиялар әлеміне енген студенттер ұмытылмас әсерлер алып, әрі қарай оқуға жаңа ынталандыру алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу