қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2022

Жас ғалымдармен кездесу

 

2022 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым онкүндігі - 2022 аясында Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының студенттерінің жас ғалымдарымен кездесуі өтті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар - информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы Махаббат Ревшенова мен информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушысы Шолпан Уразғалиева.

 

Іс-шараның мақсаты - студенттерді жас ғалымдармен таныстыру, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Қонақ ретінде Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының жас ғалымдары Салтанат Шармұханбет, Индира Салғожа және Алтынбек Мошкалов шақырылды. Олар университеттегі оқу туралы ойларымен бөлісіп, ғылыми қызметтері туралы әңгімеледі. Студенттер оларға көптеген сұрақтар қойып, жауаптар алды. Кездесу Google Meet платформасында қашықтан өтті.

 

   




Кері оралу