қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2017

2017 жылдың 28-ақпанында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары 1-курс студенттері арасында «ІQ - аламан» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Жарыс студенттердің білімдерімен қатар, интеллектуалдық, шығармашылық деңгейлерін, программалау шеберліктерін тексеретін теориялық және практикалық сайыстарды қамтыды. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озған" «ІQ - аламан» бәйгесінде бірінші орынды Алматы Энергетикалық университетінің "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандығынан сайысқа түскен "IT Энерго" командасы иеленсе, екінші орынды "IT Энерго" командасынан екі ұпай кем жинаған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "5В011100-Информатика" мамандығы студенттерінен құралған "MacTiny" командасы иемденді. Үшінші орынды Алматы технологиялық университеті "5В060200-Информатика" мамандығы студенттерінен құралған "Delphi" командасы иеленді.  «ІQ - аламан» бәйгесінде  IT мамандығы студенттерімен жарыса отырып, тең өнер көрсеткеннен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "MacTiny" командасының мүшелері: Дүйсехан Бақдәулет, Жарқынбек Мейіржан, Орынбек Жанна, Нұржан Мұқаметжанды және команда жетекшісі п.ғ.к., "Математика, физика және информатика пәндерін оқыту әдістемесі" кафедрасының профессоры Халықова Гүлира Заманбекқызын шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен бірге, "MacTiny" командасының мүшелеріне жанкүйер болған "5В011100-Информатика" мамандығы 4-курс студенті Бекболатова Ұлдайға, 3-курс студенті Сәрсембек Алиханға, 3-курс студенттері: Әбдімәжит Жәнібек пен Өтежан Назеркеге шын жүректен алғыс білдіреміз.

Қанаттарың талмасын, шығармашылықтың шыңынан көріне беріңдер,  "MacTiny" командасы!!!

Математика, физика және информатика институты ұжымы

"MacTiny" командасының мүшелері (солдан оңға қарай): Нұржан Мұқаметжан, Дүйсехан Бақдәулет, команда жетекшісі Халықова Гүлира Заманбекқызы, Жарқынбек Мейіржан, Орынбек Жанна

"MacTiny" командасы сайыс үстінде

"MacTiny" командасының марапатталуы

"MacTiny" командасының 2-орын кубогы

 «ІQ - аламан» бәйгесіне қатысушылардың бір тобы


 




Кері оралу