қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2022

Физика пәнінен өткен Олимпиада қорытындысы

 

Матеметика, физика және информатика институтының «Физика» кафедрасында жыл сайын физика пәнінен олимпиада өткізу дәстүрге айналған. Олимпиаданы ұйымдастырудағы мақсат пен міндеттер төмендегідей:

- Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру.

- Есептер шығару барысында студенттердің зерттеушілік әрекеттерін дамыту.

- Физикаға икемділіктері мен қабілеттері бар студенттерді анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

- Студенттердің оқу-зерттеушілік іс-әрекетке деген мотивациясын ояту.

 

Пандемия жағдайына байланысты студенттер аралас форматта оқып жатқандықтан, «Физика» пәнінен олимпиада 1-ші курстар үшін - online, 2-ші курстар үшін offline форматта өткізілді.

 

«Елбасы күніне» орай 1 курстар арасында «Физика» пәнінен олимпиада online форматта (ZOOM платформасында) өткізілген олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарды мына студенттер иеленді: І дәрежелі диплом - ФЕК-213 тобының студенті Жақсыбай Ақгүл, ІІ дәрежелі диплом - ФОР-211 тобының студенттері Акилбекова Асем мен Ешанқұл Айжан, ІІІ дәрежелі диплом - ФИК-211 тобының студенттері Бегалы Айсұлу, Амангелді Талшын мен ФЕК-202 тобының студенті Есетова Жания.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай физика кафедрасының ұйымдастыруымен МФИИ мамандығының 2-курс студенттері арасында offline өткізілген «Физика» пәнінен олимпиада қорытындысы төмендегідей болды.

 

І дәрежелі диплом - ФОК-202 тобының студенті Хайрат Самад, ІІ дәрежелі диплом - ФИК-201 тобының студенттері Кенжебек Бекзат, Жылгельдиева Айнур, ІІІ дәрежелі диплом - ФЕК-202 тобының студенті Есетова Жания,ФИК-201 тобының студенті Парынбек Әкежан,ФЕК-205 тобының студенті Нариманова Ирадам иеленді.

 

Жүлделі орындарға ие болған студенттерге жетістіктерімен құттықтаймыз және ғылым мен оқуда одан әрі табыстар тілейміз!

 

Физика пәнінен олимпиадаларды ұйымдастырған «Физика» кафедрасының қауым. профессоры, ф.-м.ғ.к. Венера Рыстыгулова. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: магистр, оқытушы Алиева М.Е., магистр, оқытушы Султанова К.Ж., PhD доктор, аға оқытушы Битибаева Ж.М., PhD доктор, аға оқытушы Насирова Д.М. Ұйымдастыру комитеті мен әділқазылар алқасына алғысымызды білдіреміз!

 

   

 

   




Кері оралу