қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2022

Талапкер-2022: мектеп ұстаздары және оқушыларымен кездесу

 

2022 жылғы 17 ақпанда болашақ талапкерлерге кәсіби бағдар беру аясында Математика, физика және информатика инcтитуты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Хамраев Ш.И., директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Мұхашев Ж.Е., Ғылыми-инновациялық парктің STEM технологиялар зертханасының директоры Сейдуәлі Қ.Б., физика кафедрасының оқытушысы Мырзатай М.М. және оқу шебері Камал Б. ұйымдастыруымен Абай атындағы Алматы облыстық гимназия-интернатының мұғалімдері Жандыкеева Ж.М., Абдулаева Ж.А., Рауан А. және 10,11-сыныптан келген жалпы саны 21 оқушымен кездесу өткен болатын.

 

Кездесу барысында оқушылардың кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында Физика зертханалары, STEM парктің зертханаларымен және институтымыздың кітапханасымен таныстырып өттік.

 

Зертханаларды көріп, танысу барысында оқушылардың қызығушылықтары артып, Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті және сондай-ақ, алынған ақпараттарды басқа да мектеп оқушыларымен бөлісуге тұрарлық екенін жарыса жеткізді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу