қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2016

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты, Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының шақыртуымен физика-математика ғылымдарының докторы, Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университетінің (Курск қаласы) профессоры Добрица Вячеслав Порфирьевич 2016 жылдың 28-қарашасы мен 15-желтоқсан аралығында студенттерге, магистранттарға және PhD докторанттарына дәріс оқиды.


Шетел профессорының дәрісіне кафедра оқытушылары, «Математика», «Физика» және «Информатика» мамандықтарының магистрант-докторанттары, сонымен қатар дәріске қызығушылық танытқан математика мамандығының студенттері қатысуда.


Дәріс тақырыбы: «Компрессивное обучение как средство повышения качества подготовки специалистов». Дәріс математика, физика және информатика институты ғимаратында 322 аудиторияда өтеді. Дәріске қатысамын деушілерге есік ашық.

 

                            

                            




Кері оралу