қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры В.Косов А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды

 



Жоғары білімді дамыту, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау кез-келген егемен мемлекеттің маңызды аспектісі болып табылады. Педагогтардың кәсіби мерекесі қарсаңында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Косов Владимир Николаевич еліміздің жоғары білімінің дамуына қосқан зор үлесі және жаңа буын мамандарын даярлаудағы жемісті еңбегі үшін ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығы А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды.

Владимир Николаевичті жаңа жетістігімен құттықтай отырып, еліміздің одан әрі дамуы үшін қажет және маңызды кәсіби қызметте үлкен табыстар тілейміз.

 




Кері оралу