қазақша · русский · english
 
 
 
27.09.2021

Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасының қызметкерлері халықаралық конференция жұмысына қатысты


2021 жыл 21-24 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-да Сібір федералды университетінің (Красноярск) базасында «Білім беруді ақпараттандыру және электрондық оқыту әдістемесі: білім берудегі цифрлық технологиялар» атты V Халықаралық ғылыми конференция өтті.
Іс-шараларға біздің университеттің Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасының қызметкерлері п.ғ. д., профессор, Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков, п.ғ.к., информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Н.Т.Ошанова, п. ғ. к., профессор м.а. С.Н.Конева, оқытушылар М.И.Ревшенова, Н.А.Құрманғалиева, А.А.Бекежанова және басқалар қатысты.
С.Н.Конева мен А.А.Бекежанова секциялық баяндамалар жасады. Баяндамалардың тақырыптары мұғалімнің цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға арналған BilimLand платформасына, мектептегі информатика курсының «Ақпарат және ақпараттық процестер» бөлімін оқыту үшін инфографиканы пайдаланатын электрондық ресурсқа арналды.

 

   

 

   

 




Кері оралу