қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2021

Педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференция

 

2021 жылдың 6 мамырында онлайн форматта математика, физика және информатика пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «5В010900 - Математика», «5В011000 - Физика» мамандықтарының 3, 3 ССО және 4 курс студенттеріне арналған педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияға кафедра әдіскерлері, сондай-ақ практикадан өту барысында студенттерді ертіп жүрген педагогтар мен психологтар, 3, 3 ССО және 4 курс студенттері қатысты.

 

Педагогикалық практика 2020 жылдың 14 қыркүйегінен 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 3 курс студенттері үшін, 2020 жылдың 21 қыркүйегінен 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 3 ССО және 4 курс студенттері үшін өтті.

 

Конференция кафедра меңгерушісі Алма Әбілқасымованың жетекшілігімен өтті.

 

Конференцияда өткен педагогикалық тәжірибенің қорытындысы шығарылды. Студенттер алған әсерлерімен және тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

 

   

 

   




Кері оралу