қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2021

«Үздік практикант» конкурсы

 

2021 жылдың 28 сәуірінде Математика, физика және информатика институты математика, физика және информатиканы оқыту кафедрасының аға оқытушылары Ә.А. Қырықбаева, Л.Ж. Жансеитова, А.Қ. Сүгірбекова, А.Қ. Ардабаева ұйымдастырған 3-4 курс студенттері арасында «Үздік практикант» конкурс өтті. Конкурс zoom платформасында жүргізілді.

 

Іс-шараның мақсаты - студенттердің өз мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру. Конкурс төрт кезеңнен тұрды: 1. «Менің алғашқы сабағым» тақырыбы бойынша эссе жазылды. 2.Үздік ашық сабақ жоспары дайындалды 3. Педагогикалық ситуация беріліп, оған катысушылар өз ойларын білдірді. 4. «Есеп шығара білейік!» кезеңінде тест тапсырмалары онлайн орындалды. Жанкүйерлерге арнайы сұрақтар қойылып, конкурсқа белсене қатысуларына мүмкіндік берілді. Конкурс соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдар берілді.

 

   

 

   

 




Кері оралу