қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2021

Техника дәуірі жастардың білімі мен белсенділігін қажет етеді

 

2021 жылғы 20 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Физика, математика және информатика институтында информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының МКМК-201 тобы «Технологиялар дәуірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Іс-шараның ұйымдастырған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы МКМК-201 тобының эдвайзері Жазира Марат.

 

Мақсаты - студенттерге ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметіне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық пен орындауға үйрету.

 

Қатысушылар өздеріне көптеген мәліметтер алып, бірнеше ойындар ұйымдастырып, студенттер өз ойларын толықтай айтып шықты. Кездесу Zoom платформасында өтті.

 

   

 

   

 




Кері оралу