қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2021

Ғылымдағы қазақ зиялылары

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым айы аясында 2021 жылы 12 сәуірде Математика, физика және информатика институтында информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары, жас ғалымдары және студенттердің онлайн-кездесуі өтті.

 

Іс-шараның ұйымдастырушысы және модераторы - Абай атындағы ҚазҰПУ Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушысы, ИРК-201 тобының эдвайзері Шолпан Уразгалиева.

 

Кездесудің мақсаты - ғылыммен айналысқан қазақ зиялылары мен таныстыру, әр қазақтан шыққан ғалымның жұмыстарымен танысып олардың жасаған жұмыстарымен, ғалым жолындағы еңбектеріне көз жүгіртіп, олардың студенттік ортадағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру.

 

Қонақ ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтын информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушылары мен институтымыздың студенттері қатысты.

 

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыра түскендей болды. Қазақ зиялыларының ғылыми қызметтері туралы әңгімеледі. Студенттер интеллектуалды ойын ойнап, мағыналы кездесу болды. Кездесу ZOOM платформасында өтті.

 

  

 

  

 

  

 

  




Кері оралу