қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2021

Қазақстандағы NEET жастарының портреті

 

2021 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым айы аясында Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының 1 курс студенттерімен «Қазақстандағы NEET жастарының портреті» танымдық дәрісі өтті.

 

Іс-шараның ұйымдастырушысы информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының оқытушысы Ермекова Диана.

 

Танымдық дәрістің мақсаты - NEET ұғымымен таныстырып, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге жақындату. Жол картасын іске асыру үшін қажетті шараларды іске асыру.

 

Қонақ ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының 1 курс эдвайзерлері қатысты: Уразгалиева Шолпан, Төребекова Роза, Марат Жәзира, Елубай Гүлістан.

 

Тандалған тақырыпты 1 курс студенттері жоғары бағалап, алғысын білдірді. Осы іс-шараға қатыса отырып, өздерінің білім қоржының толықтырды.Танымдық дәріс google meet және kahoot платформалары негізінде ұйымдастырылды.

 

  

 

  




Кері оралу