қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2021

Жас ғалымдармен кездесу

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым айы аясында 2021 жылы 2 сәуірде Математика, физика және информатика институтында информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының жас ғалымдары мен студенттердің кездесуі өтті.

 

Іс-шараның ұйымдастырушысы және модераторы - Абай атындағы ҚазҰПУ Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының аға оқытушысы, ИРК191 тобының эдвайзері Махаббат Ревшенова.

 

Кездесудің мақсаты - студенттерді Математика, физика және информатика институты информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының жас ғалымдарымен таныстыру, студенттік ортадағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыру.

 

Қонақ ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтын информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының жас ғалымдары шақырылды: Жасұлан Оразбеков, Салтанат Шармуханбет, Лаура Темірбекова, Жамиля Аққасынова.

 

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ғылыми қызметтері туралы әңгімеледі. Студенттер қонақтарға көптеген сұрақтар қойып, мағыналы жауаптар алды. Кездесу GoogleMeet платформасында өтті.

 

   

 

   




Кері оралу