қазақша · русский · english
 
 
 
12.02.2021

Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш

 

2021 жылы 10 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының ұйымдастыруымен «Мұқағали мұрасы - халық қазынасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Аралас форматта өткен кеште мұзбалақ ақын Мұқағалидің өмірінен сыр шертер видеоролик көрсетіліп, «Мұқағали мен Фаризаның сырласуы» тақырыбында көрініс көрсетті, ақын сөзіне жазылған әндерді түрлі аспаптармен орындады. Сахнада МФжИ студенттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, кеш қонақтарына керемет әсер сыйлады.

 

Кеште тәрбие және әлеуметтік жұмыстар және жастар ісі жөніндегі департамент директоры Қазына Бекбенбетова, МФжИ институтының оқу ісі жөніндегі орынбасары Хамраев Шерепедин, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Мақсат Жақауов сөз сөйлеп, студенттерді әдебиет тарихындағы ерекше күнмен құтықтады. Өнерлі студенттер ән мен жырдан шашу шашып өнерлерін көрсетті. Кеш соңында конкурс жүлдегерлері марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу