қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2020

«Тәуелсіздікке жетелеген қазақ жастары» кездесу кеші

 

2020 жылдың 14 желтоқсанында Математика, физика және информатика институтында тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздікке жетелеген қазақ жастары» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кештің негізгі мақсаты - тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, студенттерге желтоқсан оқиғасы туралы кеңінен насихаттау. Кешке Жүніс Гүлбахрам, Айболат Жұмабай, Оразалиев Нұрбақыт қатысып сұрапыл жылдардың сұмдықтарын жастарға жеткізді. Кешке профессор-оқытушылар құрамы және студенттерден құралған 300 қатысушы қатысты. Студенттер түрлі сұрақтар қойып, мардымды жауаптар алды. Кеш Zoom платформасында қашықтан өткізілді.

 

   

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу