қазақша · русский · english
 
 
 
14.10.2020

МФжИ институтының студенттері Көлсай көліне саяхат жасады


2020 жыл 11 қазанда МФжИ институтының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Ерланұлы мен «студенттік өзін - өзі басқару ұйымы» басқаруымен Алматының өте көрікті демалыс орындарының бірі «Көлсай көліне» саяхат жасалды.


Демалыс орнына Алматы қаласында тұратын 1 және 4 курс студенттері мен студенттердің тәрбие жетекшілері барды. Шараға қатысқан студентдердің жалпы саны - 70.


Саяхатымыздың негізгі мақсаты: студенттеріміз онлайн сабақтан бір сәт сергітіп, бір - бірімен жақынырақ таныстыру. Түрлі ойындар, көңілді би ұйымдастырып, студенттердің көңілін көтеру. Сонымен қатар Алматымыздың көрікті жерін көрсету. Біз сол мақсатымызға жеттік, себебі студенттеріміз табиғаттың таңғажайып көрінісіне куә болды. Өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, керемет демалып риза болып қайтты.

 

   




Кері оралу