қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2016


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы мен Алматы қаласы Химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен

«Әл Фәрәбидің математикалық мұрасы - рухани құндылық!» атты  математика және информатика пәндерінің онкүндігі

(1-9 сәуір, 2016 жыл) 

өтті

 

1 сәуір -математиктер мен математиктер күні ретінде аталып, ол күні мектептер мен жоғары оқу орындарындағы математиктер әртүрлі шаралар ұйымдастыруы дәстүрге айналып келеді. Жыл сайын тойланатын кәсіби бұл мереке биыл елімізде де аталып өтті. Бір ерекшелігі бұл мерекені  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы мен Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді. Мектепте 2016 жылдың 1-9 сәуір аралығында онкүндігінің «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы-рухани құндылық!» атты онкүндігі ауқымындағы, 1-сәуірі «Математиктер мен Информатиктер күніне» арналған мерекелік шара ретінде ұйымдастырылып, апталықтың ашылу салтанатымен басталды. 
Әл Фараби бабамызға арналған бүл күннің ашылу салтанатына еліміздің көптеген майталман ғалымдары математик және информатик ғалымдары қонақ ретінде шақырылып, олардың біразы шараға белсене  қатысты. Олар:

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,Евразия Ұлттық Университетінің Евразия математикалық институтының директорыӨтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академикҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Информатика және басқару мәселелері институтының бас директоры Қалимолдаев Мақсат Нұраділұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Математика және механика факультетінің деканы Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Математика және математикалық модельдеу институтының дифференциялдық теңдеулер зертханасының меңгерушісі  Джумабаев Дулат Сыздықбекұлы

Физика- математика ғылымдарының докторы, профессор, Дженалиев Мувашархан Танабайұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері Ақыш Әбдіғали Шойынбайұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Дюсенбаев Ануар Ермуханұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Біләл Шерәлі

физика-матика ғылымдарының кандидаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Заурбеков Нұрғали Сабырұлы

физика-математика ғылымының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының директоры Бекпатшаев Мұрат Жүсіпәліұлы

техника ғылымдарының кандидаты, доцент,Математика, физика және информатика институты директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Хамраев Шерипидин Итахунұлы

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Сыдықов Бақыт Диханбайұлы

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы

Физика-математика ғылымдарының кандидаты,педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білімді ақпараттандыру академиясының академигі, профессор ,Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Бидайбеков Есен Ықыласұлы

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Камалова Гульдина Большевикқызы

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы

педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Бостанов Бектас Ғаниұлы

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Конева Светлана Николаевна

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры Джанабердиева Сәуле Абылкасымқызы

PhD доктор, аға оқытушы Шолпанбаев Бақыткерей Бақтұрұлы

PhD доктор, аға оқытушы Шармұханбет Салтанат Русланқызы

Кафедра докторанттары: Үмбетбаев Қ.Ү., Сәлғожа И.Т., Байдрахманова Г., Аққасынова Ж., Абишев Н.Қ., Әкімжан Н.Ш., Жақсылықов Ә., Ревшенова М. және магистранттар.

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен: мектеп директоры - Алибаева Б.О., директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары Кадырова С.У., математика әдістемелік бірлестігінің жетекшісі - Камзина Г.С., әдіскер - Себепбаева Б.Л., Мырсыдықов Е.Т., Төлеген М., Абенов К.М., Асет Н., Смагулова А.А., Исмаилов Е.У., Атамбаева Ж.А., Джолдасова А.К., Манасбаев Ұ.Ж., Жұманбаева З.Ж., Маккамбай Ф.Р., Кошалаков К.Н., Мейірбек М.Е., Азимбаев А.А., Peter Nyberg, Li Wei, Brett Summers, Садыков Н.Ж., Есмаханова Г.К., Мергенбаева М.К., Мұстақыш А.Қ., Сқақова Ә.А., Джургабаев С.Е., Таукебаева Г., Шакан Я., Амантай Б., Мұқанова М., Закарианова А.З., Султанова Ж.Н., Досболов Н.М., Омаров Н.К.

«Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» демекші Қазақ халқының әр ісінің бастауы батамен басталады дей отырып, Ақыш Абдуғали Шойынбайұлы атамыз осы шараға қатысушылар мен мектеп оқушыларын, ұйымдастырып отырған игі ісімізге өз батасын беріп, мерекелік шарамызды ашып берді.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті, «Математика және математикалық модельдеу институтының» бас директоры  Кальменов Тынысбек Шәріпұлы, кафедра меңгерушісі Бидайбеков Есен Ықыласұлы, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары  Салтанат Өмірзаққызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің деканы, профессор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлы математика, информатика ғылымдары туралы, әл-Фараби бабамыздың ғылымдағы орны, математикалық мұралары туралы сөз сөйледі.

Бұл күнгі шара екі бөлімнен тұрды: 1. «әл-Фәрәбидың әлемі» атты ғымыи-практикалық семинар; 2. Сайыстар: а) «GeoGebra ортасында әл-Фараби есептерін шешу» /олимпиада/; ә) «Дарындылар додасы» атты математика, информатика және әл-Фарабидің математикалық мұрасы бойынша интеллектуалдық сайыс.

Мерекелік шара соңында әр  ұйымдастырылған шараға қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар беріліп, дипломдармен, мақтау қағаздарымен мараппаталды.

 

 




Кері оралу