қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2020

Жас ғалымдар өз тәжірибесімен және ғылыми жоспарларымен бөлісуде


2020 жылдың 13 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жас ғалымдармен онлайн режимінде кездесті, Олар өздерінің зерттеулері туралы айтып, зерттеу жоспарларымен бөлісті.


Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Нархоз университетінің доценті Еділ Оспанов академиялық сауаттылық және оның ерекшеліктері; зерттеу тақырыбын таңдау және ақпаратты іздеу; жазу үдерісі; сыни ойлау; диссертацияның құрылымы сияқты мәселелерді егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ, жас ғалым академиялық сауаттылық саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, құнды ұсыныстар жасады.


Ұлыбританиядағы Қазақстандық PhD Ассоциация мүшесі, Уорик университетінің (University of Warwick, UK) PhD докторанты, кездесуіміздің ұйымдастыруына басты себепкер болған отандасымыз Анар Мұхтарова бірлестіктің миссиясы мен мақсатын таныстырды.


Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов қатысты. Ол академиялық сауаттылық, сыни ойлау және ғылыми ізденістерге шығармашылық көзқарас жас ғалымдардың ой еркіндігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

 

Модераторлар - PhD доктор Ж.Д. Байшемиров және PhD докторант А.Р. Рыскан.


Онлайн-кездесу өте тиімді болды, қатысушылар көптеген пайдалы идеялармен алмасты.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу